8 жасар бала қыз деп танылды


Америкалық Джои Ромеро ресми түрде Джози есімді қызға айналды. Жақын арада оның жынысын өзгерту операциясы болады — бұл бірінші рет 8 жасар балаға жасалады!

Дәрігерлер Джойды трансгендер ретінде ресми таныған кезде ол алты жаста еді. Қазір оның жынысы барлық құжаттарда өзгертілді, ұл қыз болып танылды, дегенмен техникалық бұл трансформация Джози жынысын өзгерту операциясы мен гормондық терапиядан өткеннен кейін аяқталады. Бұл оның болашақта әйел болып өсуіне, тәрбиеленуіне мүмкіндік береді.

Ромеро отбасы Аризонадан. 42 жастағы Джойдың анасы Венезия былай дейді: «Ол қазірдің өзінде сәбидей қолдарын қысып, сәбиді тербетіп тұрғандай кейіп танытты. Ол сөйлей бастағанда бірден: «Мен қызбын!» деді. Біз оны түзеуге тырыстық: «Жоқ, сен ұлсың». Төрт жасында ол бізге тағы да айтты: «Мен қызбын, бұл соңғы!»

Джозидің әкесі АҚШ әуе күштерінде инженер. «Алғашында ұлымды жоқтап, бұл жағдайға қатты таң қалдым. Бірақ содан кейін жақсылап ойлана келе мен ұлымды жоғалтпай, қыз алғанымды түсіндім.

Джози Аризонадағы үйінде білім алады. Әскери базадағы мектептің балалары мұндай өзгерісті қабылдамағандықтан, ата-анасы қызды үйіне апаруға мәжбүр болды. Жақында оған ерлердің жыныстық ерекшеліктерінің одан әрі дамуына жол бермеу үшін дәрі-дәрмек беріледі, ал 12 жастан бастап ол тұрақты гормондық терапияны бастайды және соңғы жынысты өзгерту орын алады.